Адам анатомиясы

Адам қашанда өзін қоршаған дүниенің қыр-сыры мен құпия қалтарыстарын танып-білуге ұмтылады. Әлемдегі бізге беймәлім құбылыстардың сырын ашуға талпыну – әсіресе жан-жақты болуға деген ынта-жігері мол жас жеткіншектерге тән қасиет. Адам денесі – өте күрделі, қыр-сыры көп қатпарлы жүйе. Жалпы сыртқы көрінісі бастан, кеудеден, екі қол мен екі аяқтан тұрады. Осы мүшелері арқылы адам денесін тік ұстайды, екі аяғымен жүреді, қолымен заттарды көтереді, сол үшін саусақтарын пайдаланады. Ересек адам денесі – 100 триллион жасушадан, 206 сүйектен, 600 бұлшық еттен, 22 ішкі мүшеден құралған. Адам денесі тұтынатын оттегінің төрттен бір бөлігі мидың қызметі үшін жұмсалады. Біздің ішкі мүшелеріміз тамақтану, тыныстау және басқа да әртүрлі тірліктерді атқарып жүруімізге қызмет етеді.

Язык казахский
Издательство Аруна
Переплет Твердый
Серия 1100 қызықты деректер
Количество страниц 208
Размеры 243х170 мм
ISBN 978-9965-26-610-2