Бұрқасын ханшайым

Ағайынды Гриммдердің ертегілері. Баяғыда бір әйелдің екі қызы болыпты. Біреуі еңбексүйгіш сұлу, екіншісі - көріксіз әрі жалқау екен. Әйел осы жалқау қызын ерекше жақсы көріпті. Ал екінші қызы үй ішіндегі барлық жұмысты алып жүріпті. Байғұс қыздың күн сайынғы істейтін ісінің бірі - көшедегі құдықтың қасында отырып, жіп иіру болатын. Жүннің көптігі сонша, қыздың саусақтары тілініп, қаны сорғалайтын. Осылайша, бір күні ұршығы әбден қан болады. Қыз оны жумақ боп, құдыққа еңкейгенде, ұршық қолынан шығып кетіп, суға түсіріп алады. Не істерін білмей, жылап жібереді. Содан соң жүгіріп өгей шешесіне келіп, болған жайда айтады.

Язык казахский
Издательство Аруна
Переплет Твердый
Серия Ертегілер елінде
Количество страниц 32
Размеры 260х240 мм
ISBN 978-9965-26-418-4