Көне кенттер күмбірі

Кітап "Өлкетану мектебі", "Табиғаттану мектебі", "Салауаттану мектебі", "Ой ұшқырлау мектебі" аталатын төрт бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімде оқушылар орта ғасыр қойнауына "саяттап", Аспара, Баласағұн, Қарнақ, Сарайшық, Сығанақ сынды көне кенттермен танысып, олардың қыр-сырына қанықса, екінші бөлім кішкентай оқырмандардын табиғат таңғажайыптарымен таңдандырады. Үшінші бөлім, аты айтып тұрғандай, балдырғандарды салауатты өмір салтын ұстана спортқа бейім болып, шынығып, шыңдалып өсуге құлшындыратын танымдық өлендерден тұрады. Балалардың жанына жақын, көлемі шағын, ұйқастары шымыр туындылар оқушылардың көкейіне қонымды, тез жаттап алуға оңай. Балдырғанның ой-қиялын ұштап, оларды имандылық пен ізгілікке жетелейтін бұл туындылардың жас ұрпақты отансүйгіштік пен ұлтжандылыққа тәрбиелеудегі рөлі айрықша болар деген үміттеміз.
Язык казахский
Издательство Foliant
Автор Арасанбай Естенов
Переплет Мягкий
Количество страниц 157
Размеры 20х14х2 см
ISBN 978-601-338-367-5