Қалайы солдат

Андерсен ертегісі бойынша. Ерте, ерте, ертеде, ғажайып бір өлкеде, бір атақты мүсінші болыпты. Оның даңқы бүкіл әлемге тарапты. Мүсіншіні корольдіңөзі де құрмет тұтады екен. Король кенже ұлын өте жақсы көріпті. Ол сүйікті баласының туған күніне мүсіншіні де шақыртады. Мүсінші "Кішкене ханзадаға не сыйласам?" деп ұзақ ойланады. Сөйтіп жүргенде мерекеге баратын күн де жақындайды. Мүсінші ойлай-ойлай, ақырында жиырма бес солдаттың мүсінін жасап, тарту етуді ұйғарады. Ол енді күні-түні тыным таппай еңбектенеді. Бір-бірінен айнымайтын солдаттардың мүсінін жасайды. Сөйтіп, туған күнге баратын күні жиырма бес солдат дайын болады.

Язык казахский
Издательство Аруна
Переплет Твердый
Серия Ертегілер елінде
Количество страниц 32
Размеры 260х240 мм
ISBN 978-9965-26-466-5