Сәлем, Ақтау!

Балақай, сен теңізді жақсы көресің бе? Олай болса, саған Ақтау қаласына саяхат жасауға кеңес беремін. Ақтау қаласы Каспий теңізінің жағалауында орналасқан. Теңіз жағасында отырып, Каспий толқындарын, шағалалар мен күннің батысын көз алмай тамашалауға болады. Ақтау – 1991 жылға дейін «Шевченко» деп аталып келген. Қала туралы қызықты факт: онда көше атаулары жоқ. Барлық мекен-жайлар микроаудан атымен аталады. «Сәлем, Қазақстан!» топтамасындағы «Сәлем, Ақтау!» балаларға арналған бояғыш кітапшасында Ақтау қаласының тарихи-мәдени орындары мен ең танымал көрікті жерлері бейнеленген. Қазақстанның өзге де 17 ірі қаласына арналған бояғыш кітапшалары бар. Баяғыш кітап баланың көңілін аулап, ойын сергітеді. Сондай-ақ зияткерлік дамуына ықпал етеді.

Язык казахский
Издательство Абай books
Переплет Мягкий
Серия Сәлем, Қазақстан!
Количество страниц 14