Сәлем, Қостанай!

Қостанай 1879 жылы Тобыл өзенінің сол жақ жағалауында тұрғызылған. Қаланы қалаушылар орыс және қоныс аударып келген украин шаруалары болды. Бүгінде ол әсем шахарға айналды. Қостанай өңірінен Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов сияқты көптеген ұлы тұлғалар шыққан. Қазір олардың атында ескерткіштер мен мұражайлар бар. Досым, оларды көргің келсе, кітапшаны бояуды баста. «Сәлем, Қазақстан!» топтамасындағы «Сәлем, Қостанай!» балаларға арналған бояғыш кітапшасында Қостанай қаласының тарихи-мәдени орындары мен ең танымал көрікті жерлері бейнеленген. Қазақстанның өзге де 17 ірі қаласына арналған бояғыш кітапшалары бар. Баяғыш кітап баланың көңілін аулап, ойын сергітеді. Сондай-ақ зияткерлік дамуына ықпал етеді.

Язык казахский
Издательство Абай books
Переплет Мягкий
Серия Сәлем, Қазақстан!
Количество страниц 14