Сәлем, Нұр-Cұлтан!

Сәлем, балақай! Сен Еліміздің астанасы – Нұр-Сұлтанға саяхат жасауға дайынсың ба? Елордамыздың саған ұнайтынына сенімдімін. Себебі, ол өте көрікті, әсем шаһар. Онда кезуге арналған орталықтар мен көркіне көз тоймайтын ғимараттар өте көп.
1997 жылы ел астанасы Алматыдан Ақмолаға көшірілді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев оған «Астана» есімін берді. Ару астанамыз аздаған жылдар ішінде – Еуразия жүрегіне айналды. Ал 2019 жылы «Астана» атауы «Нұр-Сұлтанға» ауыстырылды.

«Сәлем, Қазақстан!» топтамасындағы «Сәлем, Нұр-Cұлтан!» балаларға арналған бояғыш кітапшасында Нұр-Cұлтан қаласының тарихи-мәдени орындары мен ең танымал көрікті жерлері бейнеленген. Қазақстанның өзге де 17 ірі қаласына арналған бояғыш кітапшалары бар.

Баяғыш кітап баланың көңілін аулап, ойын сергітеді. Сондай-ақ зияткерлік дамуына ықпал етеді.

Язык казахский
Издательство Абай books
Переплет Мягкий
Серия Сәлем, Қазақстан!
Количество страниц 14
ISBN 978-601-06-5631-4