Семей – Шығыс Қазақстан аймағының ең ірі қаласы. Ертіс өзенінің бойында орналасқан әсем қала. «Семей» сөзі – көне түркі тілінде «киелі мекен» деген мағынаны білдірсе, «Алаш» сөзі – түркі тілінде бауырлас, қандас, туыс деген мағынаны береді. Бұл өлкеден қазақтың бірқатар ақын-жазушылары мен өнер иелері шыққан. Сондай-ақ, мұнда ескі ғимараттар мен мұражайлар өте көп. Досым, Семей туралы көбірек білгің келсең, кітапты бояуды баста. «Сәлем, Қазақстан!» топтамасындағы «Сәлем, Семей!» балаларға арналған бояғыш кітапшасында Семей қаласының тарихи-мәдени орындары мен ең танымал көрікті жерлері бейнеленген. Қазақстанның өзге де 17 ірі қаласына арналған бояғыш кітапшалары бар. Баяғыш кітап баланың көңілін аулап, ойын сергітеді. Сондай-ақ зияткерлік дамуына ықпал етеді.
Язык | казахский |
Издательство | Абай books |
Переплет | Мягкий |
Серия | Сәлем, Қазақстан! |
Количество страниц | 14 |