Шымкент – Қазақстанның көне қалаларының бірі. Тарихи деректерге сүйенер болсақ, қала 2 ғасырда салынған. Шымкент қаласы Ұлы Жібек Жолы керуен көшінің жолында орналасқан. Ғалымдардың айтуынша, Шымкент сөзі көне шығыс тілінен «шым» — жасыл алқап, «кент» — қала деген мағынаны білдіреді. «Сәлем, Қазақстан!» топтамасындағы «Сәлем, Шымкент!» балаларға арналған бояғыш кітапшасында Шымкент қаласының тарихи-мәдени орындары мен ең танымал көрікті жерлері бейнеленген. Қазақстанның өзге де 17 ірі қаласына арналған бояғыш кітапшалары бар. Баяғыш кітап баланың көңілін аулап, ойын сергітеді. Сондай-ақ зияткерлік дамуына ықпал етеді.
Язык | казахский |
Издательство | Абай books |
Переплет | Мягкий |
Серия | Сәлем, Қазақстан! |
Количество страниц | 14 |