Сәлем, Талдықорған!

Талдықорған – Жетісу орталығында, Жоңғар Алатауы мен Қаратал өзені алқабында орналасқан әсем қала. Бұл қаланы «ең жасыл және өмір сүруге ең қолайлы қала» деп баға береді. Ол өзінің тазалығымен ерекшеленеді. Қала 19 ғасырдың екінші жартысында құрыла бастады. Ал 2001 жылдан бастап Алматы облысының орталығы болып есептелді. «Сәлем, Қазақстан!» топтамасындағы «Сәлем, Талдықорған!» балаларға арналған бояғыш кітапшасында Талдықорған қаласының тарихи-мәдени орындары мен ең танымал көрікті жерлері бейнеленген. Қазақстанның өзге де 17 ірі қаласына арналған бояғыш кітапшалары бар. Баяғыш кітап баланың көңілін аулап, ойын сергітеді. Сондай-ақ зияткерлік дамуына ықпал етеді.

Язык казахский
Издательство Абай books
Переплет Мягкий
Серия Сәлем, Қазақстан!
Количество страниц 14