Сәлем, Тараз!

Тараз – Талас өзені бойында созылып жатқан тарихи қала. Ол 5 ғасырға дейін салынған. Таразды Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан маңызды сауда орталығы деп атайды. 2000 жылдық тарихы бар Тараз қаласы – тарих астанасы деп те аталады. Онда ортағасырлық күмбездер мен сәулет ескерткіштері көп. Олармен танысқың келсе, кітапшаны бояуды баста. «Сәлем, Қазақстан!» топтамасындағы «Сәлем, Тараз!» балаларға арналған бояғыш кітапшасында Тараз қаласының тарихи-мәдени орындары мен ең танымал көрікті жерлері бейнеленген. Қазақстанның өзге де 17 ірі қаласына арналған бояғыш кітапшалары бар. Баяғыш кітап баланың көңілін аулап, ойын сергітеді. Сондай-ақ зияткерлік дамуына ықпал етеді.

Язык казахский
Издательство Абай books
Переплет Мягкий
Серия Сәлем, Қазақстан!
Количество страниц 14